2.05.2019, 13:44
Оқылды: 26

Қос аудан өртке қарсы дайындықты пысықтады

Ақжайық және Теректі аудандарының төтенше жағдайлар бөлімдері өртке қарсы ерікті құрылымдарымен бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.

 IMG-20190429-WA0193

         - Шараға Ақжайық ауданына қарасты Көнеккеткен ауылдық округінен және Теректі ауданының Шағатай ауылдық округінен өртке қарсы ерікті құрамалар, ақжайықтық №30, теректілік №27 және 23 өртпен күрес бөлімі қызметкерлері, Ақжайық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеменің өкілдері қатысты. Тиісті құралдар, бейімделген техникалармен алдын ала дайындалған өрт ошақтарын сөндіруді, тосын оқиғалардың алдын алуды уақтылы орындады. Оқыс оқиғаларға қарсы дайындық сапасына, өрт сөндіруді ұйымдастыру мен бірлескен іс-қимылдарға ерекше назар аударылды,-дейді Ақжайық ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау майоры Темірхан Қажығалиев.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале