22.02.2019, 13:37
Оқылды: 43

Қос аудандық басылым ұжымдары арасында эстафета жарысы өтті

Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылында салауатты өмір салтын насихаттап, қызметкерлердің спортпен айналысып, денсаулығын шыңдауы үшін «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Рауан Сәбитұлының қолдауымен «Көңілді мәре» спорттық ойындары өтті.

IMG_3436

          Бәйтерек аудандық «Ауыл тынысы» газеті редакциясының ұйымдастыруымен өткен «Көңілді мәре» эстафеталық жарысына көршілес Тасқала ауданының «Екпін» газеті редакциясы ұжымы қатысты.

         Ашылу салтанатында алғашқы болып сөз алған «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Мықтыбай жарыстың маңызына тоқталып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Медиахолдинг басшылығының бастамасымен ұйымдастырылған спорттық шара Бәйтерек ауданында бастау алғандығын айтты.

         Келесі кезекте сөз сөйлеген Тасқала ауданының «Екпін» газетінің директор-редакторы Назгүл Жәрдемова тасқалалықтардың шараға жоғары дайындықпен келгендігін жеткізді.

         -Бүгінгі Бәйтерек ауданында ұйымдастырылып отырған «Көңілді мәре» сайысының эстафетасын Тасқала ауданының «Екпін» газеті редакциясы ұжымы қабылдайды. Спортты дамытуға бағытталған шаралар жиі өткізіліп тұрса деген тілегім бар, - деді Назгүл Серікқызы.

         Эстафеталық жарыс командалардың сәлемдесуімен басталып, қапшықпен секіру, баскетбол шығыршығына доп түсіру, секіргішпен жүріп өту секілді қызықты ойындармен жалғасты.

Жарыс қорытындысында Нұрсұлтан Ертуғанұлы мен медиахолдингтің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің жетекшісі Әлжан Сұңғатұлы сөз алып, «Ауыл тынысы» газеті редакциясының тілшісі Г.Аязбаеваға қызметтік куәлік тапсырды.

Ерекше көзге түскен ойыншылардың арасында тасқалалық Жұмағаным Нәбиқызы мен бәйтеректік Гүлжан Серікқызы алғыс хатпен марапатталды.

Ал тасқалалық басылым басшысы Назгүл Серікқызы «Ауыл тынысы» газеті редакциясына ризашылығын білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.

Бәйтерек аудандық «Ауыл тынысы» газетінің директор-редакторы Ертай Бимұханов осындай шараның өтуіне қолдау көрсеткен «Жайық Пресс» ЖШС басшылығына, тасқалалық редакция қызметкерлеріне алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар ұсынды.

IMG_3170 IMG_3281 IMG_3282 IMG_3295 IMG_3358

Шыңғыс Ромашев,

Бәйтерек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале