26.07.2018, 15:11
Оқылды: 44

Қос ауданның жастары форумда бас қосты

Karatobe zhastar (2)Сырым жəне Қаратөбе ауданы əкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылған "Достығымыз жарасқан" атты жастар форумы белгілі журналист-публицист, тележүргізуші, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, сондай-ақ Қазақстан Жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты, «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпазы және  «Болашақ» бағдарламасының түлегі Əуесбайдың Қанатымен болған сұхбатпен жалғасты.


Karatobe zhastar (1)Кездесу барысында жастар өздерінің мамандыққа қатысты көкейлерінде жүрген сұрақтарын қоя отырып, журналистің шеберлік сырларынан кеңес тыңдады. Шара соңында журналист ең ұтымды сұрақ қойған қатысушыға өзінің "Батыс көрген Ұлыбритания қазақтың көзімен" атты кітабын сыйға тартты.
"Бұл кездесудің мен үшін орны бөлек. Осындай киелі жерлердің тоғысқан орнында жалынды жастармен кездескеніме қуаныштымын. Бүгін екі аудан жастарының бір жерде бас қосып жатқандығы көңіл қуантады. Сіздердей жастарымен еліміз əрқашан мақтанады", - деп өз ойын білдірді журналист Қанат Әуесбай.

Karatobe zhastarәуесКездесуден соң екі аудан әкімдері қатысқан форумның ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шарада бүгін өткізілген сайыстар қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды.

Кеш əрі қарай жас өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Ажаргүл ƏЛИЕВА
Қаратөбе  ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале