21.01.2019, 10:46
Оқылды: 64

Қосаралға Боқайдан су тартылады

Сырым ауданындағы есептік жиын Жетікөл, Сарой ауылдық округтерінде өтті.

syrym

       Қосаралдағы кездесуде ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалы жайлы бейнеролик көрсетілді. Жетікөл ауылдық округінің әкімі Салауат Ғабдуллин өткен жылы жасалған жұмыстар мен шешуін күтіп тұрған мәселелерді атады. Қосаралдықтар үшін қуанышты хабар, биыл мұнда Боқай нүктесінен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының «Ақбұлақ» бағыты аясында су құбырларын тарту жұмыстары басталады. Ауылға 45 су бағаны қойылып, тұрғындардың үйге су кіргізіп алуға мүмкіндіктері болады. Бұл аудандық жөнінде құрылыс бөлімінің басшысы Өркен Бектенов мәлімдеді. Ауылдық учаскелік полиция инспекторы Нұрбол Қабиев қоғамдық тәртіп бойынша атқарылған жұмыстарды саралады. Жетікөл ауылдық округінде былтыр 4 қылмыс тіркеліп, 2 мал ұрлығы ашылмады.

         Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Саламат Иманғалиев «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының бағыттарын түсіндірді. Бүгінде округте 90 жұмыссыз тіркеулі тұрғанымен, олардың бәріне жұмыс тауып беру мүмкін еместігін айтып, оқуға, бағдарлама арқылы несие алуға шақырды.
«Жігер» ШҚ жетекшісі Ғибрат Хасанов әкімдер есебін оң бағалап, ауылға жедел жәрдем көлігін, Ағоба елді мекенінің электр бағанын ауыстырып беруді сұрады. Аудандық орталық аурухана директоры Роза Тахамбетова жедел жәрдем көлігін мүмкіндігіне қарай шешуге тырысатынын айтты.
Жиынды аудан әкімі Төлеген Төреғалиев түйіндеп, ауданда газдандыру жұмысы 99 пайыз жүзеге асырылғанын, Жетікөл елді мекеніндегі Бұлдырты көшесі мен Өлеңті ауылындағы Күсепқалиев көшесіне газ тарту үшін жоба жасалғанын айтты. Сасықкөл елді мекенінде түйе шаруашылығымен, Алғабас ауылында құс шаруашылығымен шұғылданатын инвесторлар тартылып жатқанын мәлімдеді.

         - Биыл 5 елді мекенге - Жетікөл, Қосарал, Тоғанас, Құспанкөл, Аңқатыға су тарту жұмыстары басталады. Кеңащыдан Жымпитыға су келгеннен кейін Шағырлыой, Қособа, Жырақұдық, Бұлан, Жамбыл ауылдарына су тарту үшін жоба жасалмақ,- деді аудан басшысы.

syrym 11 (2)

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале