26.12.2016, 17:46
Оқылды: 22

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

jana_jil_janibekЖәнібек аудандық мәдениет үйінде оқушыларға арналған жаңжылдық салтанатты шара оздырылып, оған аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев және мектеп директорлары қатысты.


Әсем безендірілген шыршаның қасында ертегі мен аңыз кейіпкерлері шырша  жарығы жағылуын күтуде. Олар шырша жарығын жағу мақсатында жасырып қойған кілтті аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлына тауып берді. Аудан басшысы шыршаны жаққаннан кейін айнала жарықтанып, жадырап сала берді. Алдар Көсе, Алтын адам, қызыл телпек, Маша мен аю, Буратино, Мальвина секілді кейіпкерлер шыршаның шырайын кіргізіп, мерекелік салтанаттың мәнін аша түсті. Әр мектептен келген өнерпаз балдырғандар ән салып, би билеп, мәнерлеп өлең оқып, мерекелік жиынды қыздырды. Жаңажылдық шыршаның жанында аудан әкімімен қол ұстаса билеп жүрген бүлдіршіндер Аяз Ата мен Ақшақарды қуана қарсы алып, олардың алдында өнерлерін көрсетіп, сыйлықтарға ие болды. Осындай шырайлы сәтте аудан әкімі атынан оқушыларға сый-сияпат тарту етілді.

                                                                            Н.Өтей

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале