14.11.2018, 10:30
Оқылды: 52

Қошанкөлде медиация кабинеті ашылды

Қазталов ауданы Қошанкөл ауылдық округінде медиация кабинеті ашылды. Медиация кабинеті округ әкімдігінің ғимаратында орналасқан. 

IMG_0802

Кабинеттің ашылуына қатысқан аудан әкімі Абат Шыныбеков медиацияның маңыздылығына тоқталды.

 -Медиацияның басты мақсаты қос тарапты бірдей қанағаттандыру және дауласуды қою.  Өзара тиімді әрі қолайлы, бейбіт келісімге келу.  Ендігі кезекте бұл кабинетте екі жақты даулы мәселелер сотқа дейін шешімін табады,-деді.

Жаңа кабинеттің лентасы қиылғаннан кейін Қошанкөл ауылдық округінің қоғамдық медиаторы Марат Биғалиевке аудан басшысы сәттілік тіледі.

Айта кету керек, ауданда бір кәсіби медиатор және әрбір ауылдық округте қоғамдық медиаторлар қызмет жасап, мәселелерді шешуде. Солардың қатарында Қошанкөлде қоғамдық медиатор қызметін атқарып жүрген Марат Биғалиев. Ол күні бүгінге дейін 40 шақты істі шешіп, тараптарды татуластырған.

IMG_0793

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале