12.07.2017, 15:48
Оқылды: 80

Көше кезген мал «жазаланады»

siir  Ымыртта көше кезіп, көше жолы бойында түнейтін мал Ақжайық ауданының орталығында да аз ұшыраспайды.

   Мұның жол қозғалысына кідіріс туындатып, ауыл тазалығы жөнінде үсті-үстіне қарбалас әкелетіні мәлім.


   Сондықтан Чапаев әкімдігі ауылдың оңтүстік бетінен кеште «үйден безген» сиыр, жылқыны қамайтын аула қамдауға мәжбүр болды. Демек, бұдан былай кешкі сағат 8-ден кейін иелері іздемеген түліктер солай «жазаланады». Әрине, иелері әкімшілік жазаға ілігуі бек мүмкін.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале