27.11.2017, 16:01
Оқылды: 21

Жәнібекте көше спорты алаңы ашылды

Жәнібек ауылындағы жастар шағын ауданында   «Street workout» (көше спорты алаңы) ашылды.

Аталған алаңды салуға жергілікті бюджеттен 1 миллион 899 мың 320 теңге бөлінген. Алаңның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Азамат Сафималиев пайдалануға берілгелі отырған бұл спорттық орын саламатты өмір салтын насихаттау және жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға мол мүмкіндік жасайтынын айтты.

Жиында, сондай-ақ спорт ардагері Тельман Ғұсманов ауданда спорттың дамуына жағдай жасап келе жатқан аудан әкімдігіне зор алғысын жеткізді. Салтанатты шарада жаңа алаңға БҚО спорт және дене шынықтыру басқармасы берген спорттық құрылғыларда Орал қаласынан келген спортшы жігіттер ауыл жастарына жаттығулар жасап көрсетіп, үйренуге баулыды.

                                                                           Н.Өтей

 Жәнібек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале