27.03.2017, 18:17
Оқылды: 22

Көшет егу - көктемгі іс

Шыңғырлау ауылдық округінің Л.Қылышев көшесі бойына 44 түп қарағай көшеті отырғызылды. Бұл үшін көршілес Бөрлі ауданы, Приуралье ауылынан 80 түп қарағай, 10 түп шырша көшеті әкелінді, деп хабарлайды округ әкімдігінің бас маманы Нұрбек Таужанов.


Оның айтуынша, мұндай жұмыстар округ орталығындағы «Бөбек» балабақшасы, аудан колледжі, аудандық аурухана, орталық саябақ және округ әкімдігі мекемесінің аумақтары мен аулаларында жасалынған.

Аталмыш жұмыстарға барлық мекемелер мен ұжымдар тартылды.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале