8.05.2019, 16:24
Оқылды: 64

Көшет отырғызып, гүл екті

Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қаракөл мектебінің 1989 жылғы түлектері туған ауылын абаттандандыруға үлестерін қосты.

1 (2)

Түлектер Ақтайсай ауылындағы орталық саябаққа алма, шие ағаштарының көшеттерін және Қаракөл мектебінің ауласына раушан гүлін отырғызды.

Ал 25 мамыр соңғы қоңырауда көп балалы аз қамтылған отбасылардың балаларын оқу-құралдармен қамтамасыз етіп, мектеп терезелерін жаңа үлгідегі жабындармен қамтамасыз етпек. Аталған жұмыстарға барлығы 150 мың теңге қаражат жұмсалды.

Игі бастама көтерген ауылдастарға округ әкімі Нұржан Сахипов ризашылығын білдірді.

Тоты Есқайырова,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале