4.10.2017, 14:57
Оқылды: 15

Көшпелі өнер ұжымы Теректі ауданына келді

 

dalaҚадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының «Дала дидары» атты көшпелі өнер ұжымы «Қадыр жолымен»  жобасы аясында Теректі ауданына келді.

Орталық директоры, айтыскер ақын Бауыржан Халиолла бастаған өнерлі жастар әсем әннен шашу шашып, қазақтың дәстүрлі әндерін құйқылжытты. Кешті Асланбек Шығыров пен Ақнұр Жұмағалиева жүргізіп бастап, тізгінді жазушы-журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы, жерлесіміз Бауыржан Ғұбайдуллинге ұсынды. Даңқты теректілік Бауыржан Файзоллаұлы баппен, әсерлі етіп керемет кешті жүргізіп, таланттарды бірінен соң бірін сахна төріне шақырып отырды.

Мәдениет үйі сахнасында «Ерен еңбегі үшін» медалінің  иегері Дастан Есентеміров, республикалық байқаулардың лауреаты Ернар Өмірәлі, Гүлзада Ахметова, «Інжу» тобы өнер көрсетіп, Қадыр ақынның өлеңдері де оқылды.

Ғажайып кешті «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, әнші-композитор Жаскелең Ғайсағалиев түйіндеді.

Аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов орталық ұжымына теректіліктердің ақ алғысын жеткізіп, Алғыс хат ұсынды.

Әділет ЗЕРЕ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале