30.10.2018, 16:11
Оқылды: 49

Қоскөлде волейболдан ашық турнир өтті

Қаратөбе ауданына қарасты Қоскөл ауылдық округінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Қоскөл ауылының 60 жылдық мерейтойына орай волейболдан ерлер арасында ашық турнир өтті.

01_6iXDEdf

Жарыстың салтанатты ашылуында округ әкімі Қанат Мұқанов, Қоскөл мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Максим Мұқанов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталмыш турнирде көршілес Сырым ауданының құрамасы, Шыңғырлау ауданынан келген «Алмазный» командасы және Қоскөл, Аққозы, Саралжын, Жусандыой, Егіндікөл ауылдық округтерімен Шөптікөл ауылынан келген волейболшылар бақтарын сынады.

Жарысты ұйымдастыруға Қоскөл аулдық округі әкімшілігі, «Қаратөбе» спорт клубы және ауыл жастары ұйытқы болды.

Қызықты әрі тартысты өткен ойын нәтижесінде Қоскөл ауылының құрама командасы турнир жеңімпазы атанды. Ал ІІ орынды Шөптікөл ауылының командасы, ІІІ орын Жусандыой ауылының командасына бұйырды.

Сонымен қатар жарыста «Үздік ойыншы» аталымымен сырымдық Бауыржан Бисқалиев пен шөптікөлдік Қайрат Төлешов, «Үздік байланыстырушы» аталымымен саралжындық Қараш Алдаберген мен шыңғырлаулық Асқар Давлетов, «Үздік шабуылшы» аталымымен сырымдық Рахымбек Қайырғалиевтер марапатталды.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале