2.10.2018, 18:29
Оқылды: 54

Қоскөлдіктер қарияларға құрмет көрсетті

Қоскөл ауылдық мәдениет үйінде халықаралық қариялар күні мерекесіне орай «Қариялы ел – қазыналы ел» атты мерекелік іс-шара өтті.

42980360_331675564248447_8788542315082809344_n

Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан ардагер ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар мерекелік дастарқанға шақырылды.

Қарияларды мерекелерімен құттықтаған округ әкімі Қанат Мұқанов дендеріне саулық, отбасыларына амандық, ұзақ ғұмыр тіледі. Ұрпақ қызығын көруге тілекші екендігін жеткізді.

Дастарқан басында тағылымды әңгімелер мен қызықты әзілдер айтылып, әуезді әндер шырқалып, би биленді.

Қарияларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған ауылдық мәдениет үйінің  қызметкерлері  сазды сәлемдемелерін жолдап, мереке көркін аша түсті.

Кеш соңында қариялар ұйымдастырушы алқаға шексіз алғыстарын жаударып, баталарын берді.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале