1.06.2017, 16:07
Оқылды: 86

Қособалықтар ауылға ойын алаңын салып берді

Sirim kosoba 75 01  Бүгін 1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күні Сырым ауданындағы Қособа ауылында Қособа орта мектебінің 1992 жылғы түлектерінің өз күштерімен салынған жаңа ойын алаңы ашылды. Алаңды салтанатты ашу құрметін түлектер қадірлі ұстаздары Серікбай Жүкеев пен Айгүл Құсайыноваға ұсынды.  

  Алаңның салтанатты ашылуы шарасында Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, Қособа ауылдық округінің әкімі Жұмабай Аспандияров, жаңағы түлектердің бірі, аудандық мәслихаттың депутаты Жеңіс Шапешов сөз сөйледі.

  Ойын алаңында балалардың демалыс уақытын алаңсыз өткізуі үшін барлық жағдай жасалған. Әткеншек керек пе, сырғанақ керек пе, ойыншық үй ме – бәрі де осы алаңда тұр. Жас спортшылар үшін керменің түр – түрі бар. Бұлардың барлығын ауыл мектебінің 1992 жылғы түлектері өз қолдарымен жасаған. Әрине, қаржыны да өздері шығарған. Қолдан жасамай -  ақ, бұл ойыншықтарды дүкеннен дайын күйінде сатып алуға да болар еді. Біріншіден бағасы қымбат, ең тиімсіз жері - сапасы нашар болып тұр. Өзіңе болса бірсәрі, игілігі ел үшін болғасын – қай дүниенің де сапалы, мықты болғаны жақсы. «75 - тер» әуелі осыны ойлапты.

Sirim kosoba 75 02  -Біздің басты мақсатымыз – атақ шығару емес. Біздің бар болғаны, туған ауылымыздың көркеюіне сәл де болса үлес қосқымыз келді. Ауыл азаматтары осындай жақсылықты әрі қарай жалғастырып кетсе, қуанышты болар едік. – деді осы кезекте сөз алған идеяның авторы, Қособа орта мектебінің 1992 жылғы түлегі Руслан Өмірғалиев.

  Осы күні Қособа орта мектебінің 1992 жылғы түлектерінің балалары 1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік концерт берді.

   Қособалықтар «Туған жер» бағдарламасына осылай белсенді үн қосып жатыр. Кешегі айда ғана осы ауылдағы мектептің 1997 жылғы түлектері ауылдағы алаңға саябақ орындықтарын орнатып берген болатын.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале