16.01.2020, 18:08
Оқылды: 134

Қособалықтар мешіт салуды қолға алмақ

Сырым ауданының Қособа ауылдық округінің қариялары азаматтардың ауылдан мешіт салу туралы ұсынысын талқылау бағытында арнайы жиын өткізді.

dav

-Қособа сонау Кеңес үкіметінің кезінде де ауылына қос бірдей молда ұстаған иманына берік ел. Осы елден түлеген азаматтар ауылға Алланың үйін салып, бір жағынан діннің өркендеуіне үлес қоссақ, екіншіден, елге деген перзенттік пейілімізді білдірсек деп отыр. Ауылдан азанның дауысы естілсе, әрине, жақсы. Мен ұсынысты жеткізуші ғанамын. Әрі ақсақалдардан бастаманы қолдап, бата берулерін сұраймын, - деді жиынға арнайы келген Қособа ауылының тумасы, белгілі ақын Бауыржан Халиолла.

 Сырым аудандық мешітінің найб имамы Ғабдолла Оңаев та Аллаға махаббаты бар, оның разылығын іздеген шынайы мұсылманның мешіт салатынын, қособалықтардың кіріскелі отырған ісі - үлкен сауапты іс екендігін айтты. Қариялар да азаматтардың ниетін қуанышпен қабыл алды. Ауыл молдасы Төлеу Шарифуллин, ақсақалдар Қаржау Абызбаев, Таймекен Тәжіғалиев, Ерген Тойғожиевтер ой-пікірлерін ортаға салды. Олар мешіттің қызметіне жауапты, кілтіне ие болатын имам керектігін де тілге тиек етті. Осылайша ортақ шешімге келген қариялар ауылдық округ әкімі Бейімбет Жаймановпен болашақ мешіттің орны туралы ақылдасты.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале