11.12.2017, 17:16
Оқылды: 18

Қостанайдан жүлделі оралды

24852471_366284887133268_548075036982652724_n6-8 желтоқсан күндері аралығында Қостанай қаласында қол күресінен (армрестлинг) ерлер мен əйелдер жəне даму мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен Қазақстан Республикасының кубогінен қаратөбелік спортшылар олжалы оралды.

Аталмыш додаға республиканың 13 аймағынан әр салмақ бойынша 200-ге тарта спортшы қатысқан бәсекеге Батыс Қазақстан облысы құрама командасының сапында Қаратөбе аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектетебінің «Қол күресі» үйірмесінің шәкіртері де бақтарын сынап, үздіктер қатарынан көріне білді.

Байрақты бәсеке қорытындысында даму мүмкіндігі шектеулі жандар арасында (арм-4) тобы бойынша абсолюттық салмақ дəрежесінде Есеней Жақыпов І орын алса, ерлер арасында +110 келі салмақ дәрежесінде Фархат Қалиев ІІІ орынды қанжығасына байлап, мерейі үстем болды.

– Атылмыш додаға жанашыр болып, кәсіпкерлердің қолұшын созуға ықпал еткен аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов, жарыс жолына қаржылай көмек көрсеткен ауданның жеке кəсіпкерлері Асхат Омаров, Ермұрат Сариев, Серікқали Жолымбетов жəне Жеміс Сәрсенғалиеваға алғысымды білдіремін! - дейді жүлдегер спортшылардың жаттықтырушысы Нұрхат Нысанов.

 Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале