7.11.2017, 11:34
Оқылды: 24

Қостанайдан жүлдемен оралды

23318912_2010288825856300_1218105656_nЖақында Қостанай қаласы, Жетіқара ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері Хачин Егор Андрейұлын еске алуға арналған еркін күрестен республикалық турнир өтті. Қырық жетінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден аса жас палуан қатысты.

Байрақты бәсекеде қызылобалық Армат Тасқайыров баптаған балған палуандар бақ сынап, жүлделі оралды. Атап айтсақ, 29 келі салмақта Әбілмансұр Амангелді III орынды иеленсе, Азамат Серік жақсы күрескені үшін ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Сонымен қатар, спортшыларға демеушілік жасап, қолдау танытқан Е.Орақбаев атындағы мектептің директоры Тимур Серіковтің атына турнирді ұйымдастырушылар тарапынан шағын сыйлық берілді.

 Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале