24.02.2020, 11:41
Оқылды: 109

Көздіғарада Жастар күні ұйымдастырылды

Волонтер жылы аясында Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігі Көздіғара ауылында Жастар күнін ұйымдастырды.   

syrym jastar (1)

 

syrym jastar (5)

syrym jastar (7)

 

Күн ауылдың ардагер – ұстазы Жанcұлу Қыдырғалиеваның  үйіне барып, шаруашылығына жәрдемдесуден басталды. «Birqemiz:Qamqor» жалпыұлттық жобасының да негізгі мақсаты – үлкенді құрметтеу, қайырымдылық жасау.

syrym jastar (2)

Көздіғара ауылы біраз жылдан бері ат баптап, жылқы үйретудің қыр-сырына машықтанған ауыл ретінде аудан бойынша алдыңғы қатарда. Бұл жақтағы бозбалалар арасында атқа міну мәдениеті мен атбегілік жақсы дамыған. Түске жақын өткен тай жарысы – тайлардың ғана емес, бапкерлер мен шабандоздардың да мықтылығын сынады. Тайлар бәйгесінде жүлделі ІІІ орынды Әди Біләлдің Қасқатайы, ІІ орынды Еламанов Ахметтің Қашаған көгі, ал жүлделі І орынды Ерасыл Бүркітов тақымдаған Ұшқын иеленді.Тайлардан кейін жарыс жолына құнандар шықты. Бұл жолы ІІІ орынды Еламанов Ахметтің Қашаған көгі, ІІ орынды Бүркітов Ерасыл Тамшысы, І орынды Нұрболат Құбаевтың Желмасы алды.

syrym jastar (4)

Дала қызықтарынан соң, ауыл жастары, жас мамандар және оқушылардан құралған 5 команда квест ойындарынан бақ сынады. Бес бөлімнен тұратын квест ойындарына белсене қатысқан топтар жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұртілеу Болат шараға белсене қатысқан ауыл жастарына алғыс айтып, биылғы Волонтерлар жылындағы өткізілетін шараларды бірлесіп атқаруға және аудан жастарын волонтерлар қатарына қосылуға шақырды.

Жұлдыз Альпенова
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале