6.01.2017, 17:11
Оқылды: 65

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ерболат Мұқаев Зеленов ауданында болды

erbolat-mykaev  Алдымен Переметный селолық окургіне қарасты Озерный ауылында жаңадан бой көтерген білім ошағының жәй-күйімен танысуды құп көрген Сенат депутаты ұстаздар ұжымымен емен-жарқын әңгімелесіп, хал-ахуалын сұрасты.

  Айта кетейік, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойында халыққа есігін айқара ашқан  Киров  жалпы білім беретін негізгі мектебінде қазіргі таңда 44 оқушыға 17 ұстаз дәріс беруде. Ал осы мектеп ішіндегі «Балбөбек» шағын орталығында 14 бала тәрбиеленуде.


  - Парламент Сенаты 2016 жылды қорытындылаған болатын. Енді, міне, 25 жылда елімізде атқарылған ауқымды жұмыстар хақында халықты құлақтандыру және  жергілікті жерде күрмеуі шешілмей жатырған мәселер бар болса, соған құлақ түруді мақсат тұтып іс-сапарға шыққан болатынбыз.

  Бүгін Озерный ауылындағы айнадай жарқыраған мектепті көріп, қуанып қалдық. Ауылға мектеп салу көптен бері келе жатырған өзекті мәселе еді, енді тұрғындардың арманы орындалып, алтын ұяда балалар алаңсыз білім алады. Мұнда барлық оқу-құралдармен өте жақсы жабдықталғаны көңілге қуаныш ұялатады,-дейді Ерболат Рахметұлы.

  Одан әрі Переметный ауылындағы Переметный мектебіне бас сұқты. Іргетасы 1961 жылы қаланған аталмыш мектеп осы уақытқа дейін күрделі жөндеу көрмей, Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығында ел игілігіне пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындарының көңілін бір серпілтіп тастағаны рас. Айнадай жарқыраған жып-жылы мектеп кабинеттерімен танысқан Ерболат Мұқаев кадр мәселесінің жүз пайыз оңтайлы шешілгендігіне көз жеткізді.

  Сонымен бірге осы мектепте өтіп жатырған ұстаздар арасындағы дәстүрлі аудандық турнирге қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Айшабибі МӘМЕТ

Суреттерді түсірген Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале