16.10.2017, 12:17
Оқылды: 23

ҚР Президентінің телерадиокешені Ғұмар Қараш мұраларын таспалауда

Қазақстанның 100 киелі жеріне Жәнібек ауданынан ойшыл, ақын, тілші Ғұмар Қараш жерленген орын қосылған болатын.

Осыған орай ауданға Астана қаласынан ҚР Президентінің телерадиокешенінің бір топ қызметкерлері арнайы іссапармен келді. Атап айтсақ, ҚР Президенті телерадиокешенінің режисері Берік Әбішев, инженер Дидар Келебаев, монтаж инженері Вадим Шираев, операторлар Досбол Шағырбаев пен Нұрлан Джабатаров.

Олар аудандық музейде болып, ағартушы бабамызға арналған бұрыштағы құнды жәдігерлерді және аудан орталығындағы Ғұмар Қараштың ескерткішін бейнетаспаға түсірді. Содан соң шығармашылық топ басшысы Берік Серікбайұлы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиевпен сұхбаттасып, Ғұмар Қараш туралы бұқаралық ақпарат құралдарында әр жылдары жарияланған мақалалармен танысты.

                                                                                                А.ҚАРШЕКЕ

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале