18.06.2019, 17:10
Оқылды: 360

Күйгенкөлде спорт алаңы ашылды

Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округіндегі Ө.Сахипов атындағы мектептің ауласында жазғы спорт алаңы пайдалануға берілді.

janibek (1)

Оның ашылу салтанатына аудан әкімі Азамат Сафималиев қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышына ортақтасты.

Спорт алаңының ашылу салтанатында сөз алған аудан басшысы ауданда бірқатар жұмыстың жүріп жатқанын тілге тиек етіп, осы нысанды салуға үлес қосқан «ЖәнібекТрансСервис» ЖШС-ның директоры Айболат Аяповқа алғысын жеткізді. Жаңадан пайдалануға берілген ойын алаңында аудан басшысы ауылдың жас спортшыларына сыйлық ретінде доптар тарту етіп, болашақта елдің намысын қорғайтын азамат болуын тіледі.

janibek (3)

Жиында сөз алған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрайымы Жұпар Хамзина балалар үшін алаңды салып берген аудан, ауыл әкімдіктеріне, ЖШС басшысы мен құрылысшыларға алғысын жеткізді.

«ЖәнібекТрансСервис» ЖШС директоры Айболат Аяповтың айтуынша, жазғы спорт алаңының құрылысына 10 млн. 200 мың теңге ақша бөлінген. Құрылыс жұмысы бір айға созылып, оған ауыл тұрғындарынан 4 адам жұмысқа тартылған.

Жаңа нысанның тұсаукесерінен соң, ауылдық округ пен елді мекендердің командалары арасында шағын футболдан турнир өткізілді.

janibek (2)

Гүлзара Тілекқабылқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале