2.12.2020, 9:24
Оқылды: 51

Күйші Дәулеткерейге арналған кітап көрмесі өтті

Таяуда Тасқала ауданы Мереке ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен күйші-композитор Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығына орай қашықтан «Қазақтың әйгілі күйші-сазгері» атты кітап көрмесі өтті.

Мереке АК. Бахашев С.

Шарада Дәулеткерей және қазақ музыкасы, күй, домбыра жайлы, сондай-ақ, күйші-композиторлар өмірі мен шығармашылығы тақырыбында жазылған кітаптарға шолу жасалды.

Аталмыш шарада Ақмарал Қазиханова халық күйі «Кеңесті» нақышына келтіре орындады. Дәулеткерей Шығайұлының өмір жолдарына да кезек берілді. ХІХ-ғасырдың 80 жылдары артына өлмес мұра қалдырып, өмірден өткен күйші-композитордың шығармалары өміршеңдігімен құнды.

С.Бахашев,

кітапхана меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале