2.12.2020, 10:18
Оқылды: 126

«Күміс алқа» табысталды

Аналар қашан да құрметке лайық. Отбасында бала тәрбиелеп, шуаққа бөлеу, саналы ұрпақ етіп өсіріп, білім беруде олардың алар орны ерекше. Ертеңіміздің болашағы деп саналатын бөбектер аман-сау болса, келешекте жарқын өмірді өз қолдарымен жасайтын азаматтары мен азаматшалар көбейсе, тек үй ішінің ғана емес, еліміздің де мақтанышы.

IMG_5973

Оның үстіне, ана мен бала денсаулығына, олардың әлеуметтік мәселелеріне баса назар аударуды Президент Қ.Тоқаев халқына арнаған әрбір Жолдауында айтып отырғанын білеміз.

Жақында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың қабылдауына көпбалалы аналар шақырылып, кездесу өтті. Қарағаш және Амангелді ауылының тұрғындары Анар мен Динара ханымға аудан әкімі «Күміс алқа» төсбелгісін салтанатпен табыс етіп, оларға шын жүректен шыққан құттықтауын арнады.

Динара Утебаева көпбалалы ана, өзі мектепте көп жыл бойы еңбек етіп келеді. Ал амангелділік тұрғын Анар Есенғазиева үй шарауасында, жолдасы теміржолшы. Алты бала тәрбиелеп, қолындағы ата-енесін бағып, баптап, әрі отбасының ұйытқысы болып отыр.

                                                                                                                       Айсұлу Муса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале