5.01.2017, 14:40
Оқылды: 107

Құрмет тақтасы ашылды

terekti-kyrmet-taktasiТеректі ауданы орталығындағы Достық үйі алаңында Құрмет тақтасы ашылды. Аудан әкімі М.Мұқаевтың бастама көтеруімен қолға алынған бұл игілікті іс көптің қызу қолдауына ие болуда. Аудандық бюджеттен 600 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, төрден орын алған тақтада жыл бойына өз салаларында үздік атанғандар орын алады.

Достық үйі директоры А.Шайхинның айтуынша, түрлі сала бойынша озық көрінгендер жыл бойы аталмыш тақтадан табылып, келесі жылы олардың орыны өзге адамдармен ауысады екен. Тек бұл тақтаның жақсы кейіпте сақталуы аудан тұрғындарына тікелей байланысты. Себебі, сапалы суреттерді бүлдіріп, ойларына келгенді істеуді құп көретін жандар жақсы істің ғұмыры ұзақ болмауына «септігін» тигізеді. Осы орайда, тақтаға бейнебақылау жүйесі орнатылғанын да атап өткен жөн.

Қарапайым еңбеккерлерді елеуді қолға мықтап алған аудан әкімшілігінің баянды бастамасын аудан халқы да қолдауын жалғастырады деген сенім мол.

 Әділет Әлібекұлы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале