24.08.2018, 9:10
Оқылды: 64

Құрметті азаматқа ескерткіш тақта орнатылды  

 

Orda Meneev (2)Қасиетті Құрбан айт мерекесімен тұспа-тұс келген ауданның құрметті азаматы Марат Менеевтің 70 жасқа толуына орай бұрын өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.


 

Марат Абдолғазизұлы жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, Алматы облысында мемлекеттік дән инспекторы, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы қызметтерін атқарған. Ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, 1985-1987 жылдары М.Мәметова атындағы кеңшар директоры, кейін ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, «Орда» кеңшарының директоры қызметтерінде жұмыс жасап, аудан әкімінің бірінші орынбасары болды.

Ескерткіштің ашылу салтанатында алғаш болып сөз алған М.Менеевтің зайыбы Гүлмаржан Менеева ұйымдастырушылар мен аудан басшыларына ризашылығын білдірсе, әріптестері өмір жолынан сыр шертіп, құран бағышталды.

Айша ҚҰРМАШ

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Orda Meneev (1) Orda Meneev

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале