30.01.2017, 19:18
Оқылды: 57

«Құрты бар суды қалай ішуге болады?»


Бөрлі ауданының әкімі А.Халелов және Ақсай қаласы әкімінің міндетін атқарушы Д.Бигелдиевтің қала тұрғындарымен өткізген есептік кездесуінде 5-ші ықшамаудан тұрғыны ауыз суды сатып алатындығын, себебі үйге келіп тұрған судың сапасы сын көтермейтінін, өйткені судың ішінде құрттар жүретінін, ондай суды ішу мүмкін еместігін ашына айтты.
Borli kyrmeui sheshilmegen su

  Жиында сөз алған тұрғындар азық-түліктің бағасының өсуі, қоғамдық көліктердегі және қала ішіндегі тазалық мәселелерін ортаға салды.

  «Күндіз қала іші тап-таза болса, түнде қоқыстарға толып қалады? – деп наразылық білдірген тұрғын түнгі кезекшіліктегі тәртіп сақшыларының мұндай бейбастақтыққа тыйым салуын өтінді.


  Ал Ш.Нажмединова өзі тұратын ықшамауданда 4-5 сағаттап жарық болмайтынын, бұл туралы талай рет тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына ескерткенін, бірақ әлі күнге дейін ешқандай шара қолданылмай отырғанына шағымданды.

  Бұл мәселелерді өз бақылауына алатынын жеткізген аудан әкімі тұрғындардың сауалындарына құзырлы мекеме басшылары тарапынан тиісті жауап берілетіндігіне сендірді.

  Шешімі табылмаған өзекті мәселелермен қатар, Ақсай қаласында жүзеге асырылған жұмыстар мен алдағы уақытқа жоспарланған жобалар да жеткілікті.

  Ақсай қаласы әкімінің міндетін атқарушы Д.Бигелдиевтің баяндамасында көрсетілгендей, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Қарашығанақ» ықшамауданында үй салынып, күзде 144 отбасы баспаналы болды. Осы ықшамауданында құрылысы басталған 120 пәтерлік тағы бір жаңа үй ағымдағы жылы пайдалануға берілмек. Қаланың солтүстік бетінде 240 орындық балабақша салынбақ. Ақсайда биыл Тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы аясында 4 ықшамауданындағы екі үй жөндеуден өтпек, оған 40 млн. теңге қаражат бөлінген. Сонымен қатар 2017 жылы 500 еурополық үлгідегі қоқыс жәшіктері орнатылады деп жоспарланған. Қаладағы 4-ші және 5-ші ықшамаудандардағы жылу құбыры, ал 10 ықшамауданда аулаішілік жолдар түзелмек.,

Аида Есенаманқызы

Бөрлі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале