14.08.2017, 10:46
Оқылды: 16

Құрылыс компаниясы қызметкерлеріне шипажайға жолдама сыйлады

«Uniserv» ЖШС құрылысшылар күніне орай «Орал – Тасқала – РФ» бағытындағы жолды жөндеп жатқан қызметкерлеріне мерекелік шара ұйымдастырды.


Алдымен Тасқала аудандық мәдениет тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бастамасымен топаралық сайыс өтті. Онда қатысушылар армреслинг, гір тасын көтеру, арқан тартыс секілді спорт түрелерінен бақ сынады. Ал шараның келесі бөлімі Зеленов аудандық көркемөнерпаздарының қатысуымен болған концертке жалғасты.

Шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Л.Жұбанышқалиева «Uniserv» ЖШС-нің басшысы Н.Сәтбаевқа аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, 15 жылдық мерейтойларымен құттықтады.

Ал серіктестік өзінің үздік қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстап, 4 қызметкеріне республикамыздағы белгілі шипажайларға және тағы 4 адамға Түркия еліне жолдама сыйлады.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

            zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале