2.10.2017, 11:31
Оқылды: 22

Құрылысшыны құттықтады

Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев құрылыс саласында 40 жылға жуық қызмет атқарған, еңбек ардагері Сұлтан Мұсаевтың үйіне арнайы барып, ақсақалды қариялар күніне және дәл осы күні толған туған күнімен құттықтады.

Сұлтан ақсақал 1965 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін аудан көлемінде тұрғын үйлер мен мәдени-әлеуметтік нысандар салып, пайдалануға беруге атсалысқан. 1970-1977 жылдары Т.Жароков атындағы орта мектепте еңбек пәніннің мұғалімі қызметін атқарып, жастарды еңбекке баулыған. Құрылысшы болып жұмыс істей жүріп, Оралдағы құрылыс техникумын бітіріп, құрылыс учаскелерінде мастер, прораб болып жемісті қызмет атқарған. Аудан орталығындағы мәдениет үйі мен мешіттің құрылысын салып, пайдалануға беруде оның айқын қолтаңбасы бар. Аталған бөлім басшысы құрылысшыны атаулы күндерімен құттықтай отырып, оған шағын сыйлық табыс етті. Ақсақал өзіне көрсетілген сый-құрметке ризашылығын жеткізді.

                                                                                       Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале