9.06.2017, 16:55
Оқылды: 28

Құрылысты партия бақылауда

Тасқала ауданы әкімінің міндетін атқарушы А.Сафималиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез Мерей ауылдық округінде болды. 

Комиссия мүшелері 23 шақырымды құрайтын су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Жобаға республикалық және облыстық бюджеттен 253,206 млн.теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда нысанда 24 адам жұмыс жасауда. Оның 5-і жергілікті тұрғын.

«Құрылысгаз» ЖШС директорының орынбасары Д. Қабеновтің айтуынша, жұмыс желтоқсан айына дейін тәмамдалуы тиіс. Қазірдің өзінде Тоғайлы елді мекеніне жетуге 1,5 шақырым қалған. Аталған жұмыстарды мерзімінен бұрын аяқтау жоспарда.

Комиссия мүшелері Тасқала ауылындағы Жеңіс көшесінде салынып жатқан жолдың да сапасын тексерді.

Е.ЕЛЕКЕНОВ,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале