11.08.2017, 17:31
Оқылды: 24

Құрыш білекті Құмаров  

Жуырда Маңғыстау облысына қарасты Жаңаөзен қаласында өткен Батыс аймақ аралық қол күресі шеберлері арасындағы турнирден қаратөбелік спортшы жүлдемен оралды.


БҚО-ның намысын қорғаған жерлесіміз Сүйесін Құмаров ересектер арасында 200 спортшының ішінен үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Азия ойындарында, республикалық турнирлерде алдына қарсылас шақ келтірмей, жеңісті жорығын сәтті жалғастырып жүрген жерлесіміз ҚР спорт шеберлігіне үміткер Сүйесін Құмаров өзінің шын мықты екендігін кезекті мәрте дәлелдеді.

Құрыш білекті батырымыз алдағы уақытта да байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап, көк байрағымызды биікте жілбіретеді деп сенемін. Мен өз шәкіртімді мақтан тұтамын,- дейді Қаратөбе балалар мен жасөспірім спорт мектебінің «Қол күресі» үйірмесінің жетекшісі Нұрхат НЫСАНОВ

 Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале