17.04.2017, 11:51
Оқылды: 21

Құс өсірем дегендерге демеуқаржы бөлінеді

 Kaztalov kys osiru  Қазталов ауданы орталығында аудан тұрғыны Заңғар Салауатов өткен жылы "Даму" қоры арқылы грант ұтып алып, тауыз өсірумен шұғылдануда.


   Заңғардың айтуынша, - Өткен жылы нар тәуекел деп осы шаруаны бастап кеттім. Грант арқылы алынған қаражатқа және өз қалтамнан  да қаражат шығарып балапандар сатып алдым. Әрине, "балапанды күзде санайды" дейді ғой. Қазіргі күнде 250-ге жуық тауық бар. Алғашқы кезде бұл кәсіппен шұғылданбағандықтан қиындықтар кездесті. Соның орнын толтыру үшін Орал қаласындағы құс фабрикасындағы мамандардан кеңес алдым. Бүгінгі күнде олардың түрлі қосымша азықтарын табу арқылы және қолайлы орын салу нәтижесінде барынша еңбектеніп жатырмын. Сонымен қатар 1 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Ал алынған тұқымдарды дүкендерге және жеке адамдардың сұранысы бойынша тапсырыстарын орындаймыз,  -деді.

   Мамандардың айтуы бойынша егер ауылда шағын құс фирмаларын құрса, оның құрал-жабдықтарын сатып алуға кеткен шығынның 50 пайызын мемлекет тарапынан субсидиялайды екен. Сондай-ақ етті тұқымды тауықтардың әр басына 400 теңгеден демеуқаржы да қарастырылған. Бұдан бөлек кәсіпкер өндірілген құс етінің әр келісіне 40 теңгеден көмек қаржы алуға да болады. Міне, осындай жұмыстар жүргізілсе, сол ауданды құс етімен 74 пайызға дейін, ал жұмыртқамен 75 пайызға дейін қамтуға қауқарлары жететін көрінеді.

Жұлдыз АСҚАР 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале