29.01.2019, 11:20
Оқылды: 62

«Күшік күйеу» қойылымын сахналады

Қазталов ауданы С.Садықов атындағы мәдени демалыс орталығының Қазталов халық театры Жалпақтал мәдениет үйінде Т.Ахтановтың «Күшік күйеу» атты комедиялық қойылымын сахналады.

 IMG_3254

«Күшік күйеу» комедиясы, жастар тақырыбын, ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ бой жетіп қалған қызы бар кез келген ата-ананың баласының бағын ойлап, қам жеуі секілді өмірлік мәселелерді қамтыды. Комедияның тақырыбы, айтар ойы – қоғамның қай кезеңінде болса да ескірмейтіндігімен құнды. Қойылымда ауыл мен қала жастарының тәрбиесі, таным-түсінігі, ұстаным-пайымы секілді көптеген өзекті мәселелер көрініс тапты. Қоғамдағы түйткілдер спектакль барысында кейіпкерлер бейнесі арқылы, тіл, ән, домбыра мен гитараның «айтысы», би әдемі өрілді.

Комедиялық қойылымда Қабанбай, күшік күйеу рөлінде Мирлан Нұролла, Бекболатты Оралған Ерғалиев сомдаса, Кубикті Қайрат Абдулов, Тюрянчик рөлінде Тауасих Тахаев ойнады. Ал Алма рөлін Диляра Ғалиахметова, Ботканы Эленора Табылдиева ойнап шықса, театр режиссері Данагүл Жұмабаева Гүлжамал рөлін сомдады. Сонымен қатар музыкамен жабдықтаған Мирболат Қабошев, қоюшы суретшісі Бисен Садықов болатын.

Қойылымды тамашалаған Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, М.Ғұмаров атындағы Жалпақтал халық театрының режиссері болған Нұрлан Шаканаев ауылдастар атынан алғыс білдірді.

IMG_3220 IMG_3228

IMG_3222 Тұрарбек Қайырғали,

Қазталов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале