9.11.2017, 11:00
Оқылды: 25

Құтқарушы ауыл тұрғындарымен кездесті

DSC_0480БҚО Төтенше жағдайлар департаменті №6 жедел құтқару жасағы бөлімінің басшысы Марат Қабақаев Ақжайық ауданының Жайық елді мекенінен бастап 8 ауылында, оның ішінде ауылдық округтердің 5 бөлімшесінде тұрғындармен, мектеп оқушыларымен кездесті.

Әңгіме арқауы Жайық, Көшім өзендерінде және суарналарында күзгі-қысқы кезеңдегі қауіпсіздікке арналды. Су айдындарында алғашқы мұз қататын уақыт келді. Мұндайда суға жақындауға мүлдем болмайды. Айталық, Жайықтан топтанып өтуге мұздың қалыңдығы 15 см, жеңіл автокөлікке 35-40 см болмай, тыйым салынады. Ал ауыр жүк көліктеріне өту үшін 80 см болуы керек. Жайықта жылым жиі кездесетіні айтылды. Демек, үлкенге де, балаға да, балық аулаушыларға да осының бәрін қаперлеп жүрген абзал. «Ауылдарда осындай кездесулер одан әрі жалғасады»,- дейді М.Қабақаев.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале