4.08.2017, 16:03
Оқылды: 29

Күздік дақылдар орылып, қамбаға құйылды

 

Өткен күз бойы тындырымды еңбек етіп, күздік дақылдар сепкен шаруа қожалықтары шілде, тамыз айларында өнімдерін жиып та алды.


Әсіресе күздік дақылдардың әр гектарынан 45,2 центнерден 1504 тонна өнім алған «Жарас» шаруа қожалығын айрықша атап өтуге болады.        Күздік дақылдардан жақсы өнім жинаған «Жаңа жер», «Агрофирма», «Жарас», «Нұрсұлтан», «Мезинов»,  «Жігер», «Жақып»,  «Өнім» шаруа қожалықтары аудан бойынша 3620 тонна өнімін қамбаға құйды. Күздік дақылдар өнімі аудан бойынша орташа есеппен әр гектардан 22 центнерден алынды.

Шаруа құрылымдары жаздық дәнді және майлы  дақылдарды  ысырапсыз жинап алуға техникаларын әзірлеуде.     10 тамыздан кейін жаздық дақылдар өнімін жинау басталмақ.

А.Муса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале