22.11.2017, 12:21
Оқылды: 27

Қырғызстан өнімдеріне тыйым салынды

 

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес Қырғыз Республикасында өндірілген кей өнімдерді әкеліп сатуға тыйым салынды.  

Бұл техникалық регламенттерінің талаптарына микробиологиялық көрсеткіштер (ішек таяқшалары тобы бактериялары), таңбалау (өнімнің саны, дайындалған күні, өндірушінің атауы, туралы ақпараттың, мемлекеттік тілдегі ақпараттың  болмауы) бойынша сәйкес келмейтін ет, сүт, кондитер өнімдерінің өткізілу фактілерінің анықталуына байланысты болып отыр.

Оның ішінде «РИХА» СМ өндірген шұжық және ет өнімінің барлық түрлері, «Эмилия» ОсОО өндірген 45%  майлылығы бар «голландтық ірімшік», «Ақ-сүт» ААҚ өндірген майлылығы 72% шаруа сары майы, «КД Куликовский» ЖШС өндірген кондитерлік өнімдері бар.

 Д.АМАНҒАЛИЕВА,

Тасқала аудандық ТҚҚ басқармасының

жетекші маманы             

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале