31.05.2018, 12:18
Оқылды: 28

Қыршын кеткен жалпақталдық боздақтарды еске алды

 

Жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, жазықсыз жапа шеккендердің аруағына құран бағышталады. Биыл да Жалпақтал ауылындағы орталық саябақтағы «Қазақ халқын қорғаушылар одағы. Жалпақтал жасырын жастар ұйымы» атты ескерткіш тақтаға көп адам жиналды.

Шараға ауыл әкімі Самиғолла Ақмурзин, мекеме-кәсіпорын басшылары, қуғынға ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, ардагерлер, еңбек ұжымдары, ауыл тұрғындары қатысты. Олар гүл шоқтарын қою рәсімін жасап, бір минут үнсіздікпен еске алды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш жанындағы шара қаза болғандардың аруағына Жалпақтал ауылдық мұсылмандар мешітінің имамы Тілепберген қажы Нұралиев құран бағыштап, дұға оқыды.

Жиында округ әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жасұлан Ғұмаров, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов сөз сөйлеп, бүгінгі бейбіт күнді арман етіп, соның жолында құрбан болған тұлғаларды еске алды.

Кейін Жалпақтал ауылындағы жастар демалыс орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Холодное лето пятьдесят третьего…» атты кинофильм көрсетілді. Іс-шараның мақсаты - келешек ұрпаққа осы қанқұйлы жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау болатын.

Тұрарбек АҚМЫРЗА,

Жалпақтал ауылы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале