5.12.2019, 12:06
Оқылды: 103

«Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігі Қаратөбеде

Қазақстан Республикасы «Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы филиалының директоры Светлана Тенишева Қаратөбе ауданына келді.

 qaratobe (4)

Алдымен аудан әкімі Жанат Асылханұлының қабылдауында болып, Қаратөбе ауданы бойынша аталған ұйымның өкілі Ранида Рафикқызын таныстырды.

Қабылдаудан соң аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтанның төрағалығымен жиын өтті.

Жасұлан Кәрелұлы «Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігінің халықтар арасындағы достық пен түсіністікті орнатуда маңызды рөл атқаратынын айтып өтті. Сондай-ақ осы арқылы жастарды кішіпейілділікке шақыру мақсат екеніне тоқталды.

Жиын барысында Светлана Тенишева бірлестіктің атқаратын қызметі туралы баяндады. Сондай-ақ ұйымның мақсаты турасында сөз қозғады.

 - Ұйымның мақсаты кез келген жағдайда зардап шеккендерге көмек көрсету. Халыққа көмекті дер кезінде және жеткілікті мөлшерде көрсетуге жұмыстану,- дейді Светлана Тенишева.

Кездесуде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, қазір әжесінің тәрбиесіндегі бүлдіршінге 27 000 теңгенің сертификаты табыс етілді.

qaratobe (5)

Кездесуге қатысушылар ойландырған сұрақтарын қойып, жаңа ақпарат алды.

Сондай-ақ ұйым өкілдері аудандық төенше жағдай қызметінде, Қаратөбе мектеп-гиназиясында болып, алғашқы көмек көрсету жолдары жөнінде тренинг көрсетті.

Төтенше жағдайлар бөлімінде өткен тренингте түтінге тұншыққан немесе күйік шалған, тағы басқа жағдайларда жедел-жәрдем жеткенше қандай алғашқы көмек жасалу қажеттігі көрсетілді.

Маралбек Амантаев

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале