9.12.2019, 11:43
Оқылды: 61

«Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігінің басшысы бәйтеректіктермен кездесті

Бәйтерек ауданында Қазақстан Республикасы «Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы филиалының директоры Светлана Тенишева аудандағы ауылдық округ әкімдері және бөлім, мекеме басшыларымен кездесті.

 baiterek (1)

Отырыс жұмысына төрағалық еткен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр қоғамдық бірлестіктің маңыздылығы мен қоғамда алар орнына тоқталды.

- Қазақстандағы Қызыл ай қоғамы - гуманитарлық қоғамдастық әлеміндегі ең ірі, әрі беделді «Қызыл Крест» және «Қызыл Ай» халықаралық қозғалысының бөлшегі.

Бірлестік төтенше жағдайларды жою және салдарын жеңілдету, денсаулық сақтау, ерікті қан донорлығын насихаттау, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын демеу, мигранттар мен босқындарға көмек көрсету, халықаралық гуманитарлық құқық туралы мәлімет тарату салалары бойынша кең ауқымы бағдарламаларды жүзеге асырумен айналысады, - деді Нұржан Тоғызбайұлы.

Светлана Тенишева бірлестіктің алға қойған мақсат-міндеттерін егжей-тегжейлі түрде түсіндіріп өтті.

Қатысушылар назарына бейнекөрсетілімдер ұсынылды.

Жиында Бәйтерек ауданы бойынша қоғамдық бірлестіктің өкілі болып Жанар Ғұбашева бекітілді.

Айта кету керек, жиын түске дейін Бәйтерек колледжі базасында да ұйымдастырылды.

Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале