9.12.2019, 12:37
Оқылды: 84

«Қызыл ай» қоғамдық бірлестігінің жұмысы таныстырылды

Тасқала ауданы әкімдігінде «Қызыл ай» қоғамдық бірлестігінің отырысы өтті.

tasqala (5)

Ауданға арнайы ат басын бұрған аталмыш бірлестіктің Батыс Қазақстан облысы филиалының директоры Светлана Тенишева көпшілікпен кездесіп, жұмыс барысымен таныстырды.

tasqala (3)

- Біз кез келген қиындыққа ұшыраған жанға көмек көрсетеміз. Бұл – біздің басты міндетіміз. Халыққа көмекті дер кезінде және жеткілікті мөлшерде көрсетуге тырысамыз. Көпшілік бізді медицина қызметкерлерінің қатарында көреді. Алайда біздің міндет – медицина қызметкерлері келгенше алғашқы көмек көрсету. Айта кетейін, «Қызыл ай» қоғамдық бірлестігі халықаралық деңгейде үлкен дәрежелерге ие. Бірлестік мүшелері еріктілер қатарына жатады. Жалпы айтқанда, қиналған жанға көмек қолын созу, өз айналаңда жанашыр жандардан құралған команда құру арқылы жұмыс жасап келеміз,-деді Светлана Тенишева.

Аудан орталығында көпшілікпен кездескен қонақ әрі қарай Мерей ауылына табан тіреді. Ол жерде мектеп оқушылармен кездескен Светлана Владимирқызы алғашқы көмек көрсетудің әдіс-тәсілін көрсетті. Мектеп жасындағы балаларда көп кездесетін жағдаяттарды баяндай отырып оларды шешудің жолдарын айтты.

Әсем Серік

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале