22.01.2019, 16:23
Оқылды: 78

Қызылоба ауылы 119 миллион теңге қайтарымсыз субсидия алған

Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өтті. Жиналысқа аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин қатысты.

         IMG_0864                        

         Алдымен Қызылоба ауылдық округінің әкімі Нұржан Бердіғалиев 2018 жылғы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Ауылдық округ тұрғындарының дені мал шаруашылығымен айналысады. Округ бойынша қазіргі таңда 1 ЖШС, 64 шаруа қожалығы, 20 жеке кәсіпкер жұмыс істеп тұр.

Асыл тұқымды ірі қара малын өсірумен 9, «Көшім» асыл тұқымды жылқысын өсірумен 3 шаруа қожалығы айналысады.

         Округ мал басына беретін және инвестициялық субсидияны қосқанда 119 млн. 330 теңге қайтарымсыз субсидия алған.

         Айта кетсек, қызылобалықтар қысқы мал азығын дайындауда да өзгелерден оқ бойы алда тұр. Жоспарланған 24,7 тонна мал азығы 100 пайыз дайындалған. Оның сыртында аудан орталығына, басқа да округтерге шөп сатылған.

         2018 жылы 4 қылмыстық оқиға тіркеліп, 84 адамға әкімшілік хаттама толтырылған. Ал 4 қылмыстың 2-уі ғана ашылған.

         -«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында бірқатар шаруа қожалықтары несие алып, шаруашылығын дөңгелентіп отыр. Ресми жұмыссыз адамдар тазалық, абаттандыру, ағымдағы жөндеу жұмысына, ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып отырады,-деген ауыл әкімі алда тұрған міндеттерге тоқталды.

         Жиында ауыл ақсақалдары мен тұрғындары әкім есебіне оң бағаларын беріп, ауылдағы бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтсақ, ауылдың кейбір көшелерінде электр жарығының жиі сөнетіндігі, жұмыссыздық, ауыз су, атаулы әлеуметтік көмек, тағы да басқа түйткілдер сөз болды.

         Жиналысты аудан әкімі Н.Қадырбайұлы қорытындылап, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді шешу жолдары қарастырылатынын тілге тиек етті.

IMG_0850 IMG_0868

Алтынбек Ермекқалиев,

Жаңақала ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале