23.01.2017, 10:33
Оқылды: 30

Қызылобалық тұрғын мақсатсыз пайдаланып отырған жерлерді қайтаруды ұсынды

Janakala atkarilgan iske el riza 03  Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдинов Пятимар, Бірлік, Қызылоба, С.Меңдешев, Көпжасар ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, ауданда атқарылған жұмыстардың және алда тұрған міндеттердің есебін берді.


  Бірлік ауылдық округіндегі кездесуде ауыл тұрғыны Ерлан Отарбаев ауылдың жаңа құрылыс ауданына электор жарығы мен газ қосып, интернет жылдамдығын жетілдіруді, Самат Рамазанов кірме жолды тегістеп отыруды сұраса, қызылобалық Тұрар Әбденғалиев селолық тұтыну кооперативін құрғысы келетінін айтып, мақсатсыз пайдаланып отырған қожалық жерлерін қайтарып алуды мәселе етіп көтерді.

  Ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Табылды Масатов, зейнеткер Болат Орақбаев ауданда, ауылда атқарылған істерді айтып, ел басқарған азаматтарға алғыстарын айтып, жұмыстарына жақсы баға берді.

Өмірзақ АҚБАСОВ

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале