13.08.2020, 10:59
Оқылды: 69

Лайв режимінде өткен спорттық жарыс

Бәйтерек аудандық білім беру бөліміне қарасты Жас туристер станциясы спорттық бағдарлау бөлімінің бастамасымен "Спорт LIVE" спорттық бағдарлау жарысының аудандық кезеңі өткізілді.

206AE499-AC94-4CA7-B24C-ED9933B9CEA3

Жас туристер станциясының педагогі, білікті бапкер Серік Хайруллиннің жетекшілігімен ұйымдастырылған жарысқа Батурин, Қ.Аманжолов, Щапов, Переметный, Өркен мектептерінің оқушылары қатысты. Онлайн режимінде өткен жарыс шарты бойынша, қатысушылар алдын ала берілген картадағы координаталарды тауып, бақылау пункттерінің орналасқан жерлерін анықтау керек болды. Барлық жұмыс таспаға түсіріліп, төрешілерге жіберілді. Спортшылардың өздеріне берілген тапсырманы орындаудағы жылдамдығы мен дәлдігін есептеген төрешілер алқасы жеңімпаздарды анықтады.

A3C8562B-4C36-42EC-9755-6CAA07A0E009

Сайысқа 11-13 және 14-17 жас аралығындағы өрендер қатыстырылды. Қорытындысында 11-13 жасар қыздар арасында 1-орынға Мая Умбеталиева, 2-орынға Снежана Буштер, 3-орынға Зарина Габдушева жайғасты. Осы жастағы ер балалар арасындағы бәсекеде 1-орынды Бахтияр Болатбек, 2-орынды Наил Стабаев, 3-орын Нұржігіт Ғисадин жеңіп алды.

Ал 14-17 жас аралығындағы ер балалар бәсекесіне келер болсақ, бұл сында Ерасыл Серікұлы алдына жан салмады. Екінші орын Берік Сабракманға, үшінші орын Дастан Тұлғабаевқа бұйырды. Дәл осы жастағы қыздар арасында 1-орынға Ақжайық Елубаева, 2-орынға Карина Малаева жайғасты.

Енді жеңімпаздар сайыстың облыстық кезеңде бақ сынайтын болады.

Аружан Болатбек,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале