10.01.2017, 9:17
Оқылды: 50

Мəжіліс депутаттары - Зеленов ауданында

screenshot_2017-01-10-12-18-13-1ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары, Қаржы және бюджет жөніндегі комитет төрайымы Гүлжан Қарағұсова, аталған комитет мүшелері Татьяна Яковлева, Аманжан Жамалов бүгін Зеленов ауданына жұмыс сапарымен келді.


screenshot_2017-01-10-12-18-41-1Шарада БҚО әкімінің орынбасары Бағдат Аязбаев, «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен болды.
Алдымен аудан орталығындағы «Достық» үйіне бас сұққан меймандар этно-мәдени бірлестіктердің тыныс-тіршілігімен танысты.
Басқосу барысында аудан әкімі Кәрім Жақыпов ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын айтып өтті.
screenshot_2017-01-10-12-19-08-1Өркениетті ел ішінде жүзеге асқан жұмыстар, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және аудан ішінде өзекті мәселелердің оңтайлы шешілуін өз көздерімен көруді мақсат тұтқан халық қалаулылары одан әрі аудан активімен емен-жарқын жүздесті. Олар «Нұрлы жол» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламаларын толықтырып отырған «Нұрлы жер» бағдарламасы хақында баяндап берді. Жүздесу барысында тұрғындар өздерін мазалап жүрген сауалдарын қойды.

Айшабибі МӘМЕТ
Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале