8.12.2016, 12:14
Оқылды: 24

«Маған ұқса»

 Осындай атаумен Шыңғырлау ауданында флэшмоб өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «25 жұлдызды күн» акциясы аясында өткен шараға республикаға, облыс пен ауданға аты мәлім спортшылар, 60-қа жуық мектеп оқушылары қатысты. Флэшмоб барысындағы жаттығуларды самбодан бірнеше дүркін әлем чемпионы Қайсар Құсайынов жүргізді.

Бұл шараны жастар еліміздің басты мерекесіне арналған тартуымыз деп біледі.  Спорттық шара жасөспірімдер үшін шынығу сағаты болғанында сөз жоқ.

 Гүлім Шынтас

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале