10.04.2017, 12:20
Оқылды: 18

Мәдени шығармашылық кездесу

«Шекарадағы кездесу» бағдарламасы аясында Жәнібек аудандық кітапханасы мен демалыс орталығының қызметкерлері көршілес Волгоград облысы, Палласовка ауданында болып қайтты.

Қонақтарды қарсы алған Палласовка аудандық ОКЖ-нің директоры Н. Ғабидуллина жылы қарсы алып, аудан орталығындағы мұражаймен, кітапхана бөлімдерімен және өнер, саз мектептерімен таныстырып өтті.

Аудандық Мәдениет үйінде жәнібектік меймандардың қатысуымен концерт болды. Ол «Ақмаржан» халықтық бишілер ансамблінің (жетекшісі З.Мұратова) «Шашу» атты хореографиялық қойылымымен ашылды.

Көрші елдегі әріптестерінің назарына ұсынылған кітапханашылар дайындаған «Бесікке салу», «Тұсау кесер», «Беташар» көріністері ешкімді бейжай қалдырмай, терең мән-мазмұнымен, ерекше сипатымен көпшілікті баурап алды.

Жәнібектің күміс көмей әншілері А.Ешматова мен Ш.Каюпова әннен шашу шашса, «Ақмаржан» халықтық бишілер ансамблінің бүлдіршіндері ұлттық билерімен шараның ажарын ашты.

Кітапхана қызметкерлерінің бағдарламасы аясында  ОКЖ-нің директоры С. Жукина Палласовка муниципалды ауданының әкімшілігіне алғысын білдіріп,  ОКЖ-нің директоры Н.Ғабидуллинаға  сыйлығын табыс етті. Өз кезегінде аудан басшысы В.Толмачев  ОКЖ-нің директоры С. Жукинаны алғыс хатпен марапаттап, көршілес жатқан қос аудан арасындағы тығыз қарым-қатынас бұдан былай да жалғасын табатындығына сенім білдірді.

Алдағы уақытта екі елдің мәдени ошақтары арасында тығыз қарым-қатынасқа негізделген өзара нәти­желі жұмыс, мәде­ни байланыс­тар,  ынтымақтастық пен достық одан әрі нығая бермек.

 

                                                                                                                                                                                     А. ЕСІРКЕПОВ  

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале