29.11.2019, 22:04
Оқылды: 102

Мағыналы өткен Мәуліт кеші

Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығында «Қош келдің, Мүбарак Мәуліт айы» атты рухани-танымдық кеш өтті.

 IMG_6228

Кеш барысында адамзаттың ардақтысы, ең ұлы пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с) ғибратқа толы ғұмырына арналған рухани кеште пайғамбардың өмір жолы тарихынан сыр шертетін бейнекөрсетілім көрермен назарына ұсынылды.

Мәуліт кешіне аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абат Зинуллин және аудандық мешіттің бас имамы сөз алып,  барша мүміндердің мерейлі мерекесі – Мәуліт мейрамымен құттықтады.

IMG_6238

Жастардың теріс ағымдардың жетегінде кетпес үшін «Шын достық», «Сағыныш» атты сахналық қойылымдары жиылған жұрттың көңілінен шығып, санасына имандылықтың дәнін сепсе, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әнімен әуелеп, жамағатқа жылулық сыйлады.

Айта кетелік, Мәуліт айы – екі дүниенің сардары Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың дүниеге келген айы. Мәуліт айын мерекелеу арқылы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелерін болашақ ұрпаққа насихаттап, Ислам дінінің қадір-қасиетін түсіндіруде маңызы зор.

Маралбек Амантаев

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале