10.05.2017, 12:02
Оқылды: 67

Майдангерлердің жесірлеріне құрмет көрсетті

Janibek Jenis kynimen kyttiktadi   Жәнібек ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев, Жәнібек ауылдық округінің әкімі Мұстахим Қабдысалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Ахмедияр Батырханов бейбіт өмірде қайтыс болған Ұлы Отан соғысы майдангерлерінің жесірлері Халау Өтебаева, Мүслима Неғметова, Қамида Махсотова, Уазипа Молдағалиева, Хайнеш Мұқанова, Надежда Чураевалардың үйіне барып, жылы лебіздерін білдіріп, Жеңіс мерекесімен құттықтады.


  Кездесу барысында Наурызбай Қадырбайұлы ардагерлердің хал-жағдайын біліп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеп, естелік сыйлық пен құттықтау хат табыс етті.

   Ақ жаулықты аналар арнайы құттықтай келген аудан басшыларына зор алғыстарын білдіріп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деген ақ баталарын жаудырды.

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале