5.12.2017, 17:59
Оқылды: 67

Мақсатсыз пайдаланылған жер телімдері анықталуда

Жыл басынан бері Зеленов ауданында мақсатсыз пайдаланылған 123159 гектарды құрайтын 331 жер телімі анықталып, иелеріне ескерту жасалған.

Қазіргі таңда 8092 гектарды құрайтын 34 жер телімі мемлекет меншігіне өтті. Бұл туралы аудан әкімі Асхат Шахаров Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

2017 жылы қайтарылған 23271 гектар жердің 9746 гектары ауыл шаруашылығын дамыту үшін айналымға енгізілген.  Сондай-ақ 11282 гектар жерді мақсатсыз пайдаланып отырған 31 жер иесі анықталып, олардың істері «БҚО Жер телімдерін қорғау, пайдалануды бақылау» басқармасына жолданған. Жер телімдерінің пайдаланылу мақсатын ауыстыру әрі сату барысында аудан бюджетіне 7,3 миллион теңге түскен.

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале