12.07.2017, 16:11
Оқылды: 58

«Мал етіне анықтама беру реттелуі тиіс»

karatobe prokuror  Бұл жайлы Қаратөбе аудандық прокураутрасында «Ұрлыққа тоқтам» жобасы аясында өткен кеңесте айтылды.

   Отырыста аудан прокуроры  Ғалымбек Мұхитов  мал ұрлығы қылмыстарының себептері, округ әкімдіктерімен және аудандық ветеринария бөлімімен сойылған және сатуға шығарылған малдарға анықтама беру тәртібінің реттелу жағдайына тоқталды.


   Сонымен қатар аудан прокуроры көшелерде бағымсыз жүрген мал иелеріне әкімшілік іс қозғау немесе мал қамау алаңдарын салып, тиісінше айыппұл төлету туралы шешім қабылдады.

  Жиын соңында аудан прокуроры мал ұрлығынының алдын-алу бағытындағы профилактикалық шараларды күшейту, көрші облыстармен, аудандармен шекаралас елді мекендердің аумақтарына учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен рейдттік шаралар өткізуді тапсырды.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале