2.04.2018, 11:18
Оқылды: 80

Малды асылдандыруға субсидия бөлінуде

Жәнібек аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Арман Исқақовтың мәліметіне сәйкес ауданда асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бойынша биыл да қаржы бөлініп, игеріледі.

Нақтырақ айтқанда, ірі қара малға селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін 259 120 000 теңге, қоғамдық табындағы асыл тұқымды бұқаларды баққанға 15 000 000 теңге, асыл тұқымды бұқалар мен қашарлар сатып алғанға 63 000 000 теңге, қойларға селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізгенге 14 150 000 теңге және жылқы сатып алуға 500 000 теңге субсидия қаржысы қарастырылған.

                                                                      Н.Өтей

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале